Техника ғылымдарының докторы, академик Илгиз Айтматов бүгін таңертең көз жұмды. Бұл туралы оның қызы әлеуметтік желіде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ильгиз Айтматов 93 жаста еді. Ол - 2008 жылы қайтыс болған жазушы Шыңғыс Айтматовтың інісі.
Илгиз Айтматов - тау-кен геомеханикасының маманы. 1990-1993 жылдары Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының президенті болды. Оның ғылыми еңбектері негізінен шахталарды қауіпсіз және тиімді пайдалануға, ірі гидротехникалық құрылыстарды салуға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ таулы аймақтардағы табиғи және техногендік апаттарға арналған.
260-тан астам ғылыми еңбектің, 15 туындының авторы. Ол таулы аймақтарда асқын кернеу түріндегі қалдық кернеудің шығуы туралы ғылыми жаңалық ашты.
2003 жылы ІІІ дәрежелі "Манас" орденімен марапатталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!