Қазақстанға танымал өлкетанушы, жазушы, журналист Өтепберген Әлімгерейұлы 75 жасында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы жаңалықты журналист Жандос Темірғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Атыраудың ақтаңгері, біртуар тұлға, Академик Өтепберген Әлімгерейұлы бақиға аттанды дегенді естіп, қабырғам қайысып отыр. Күні кеше ғана хал-жағдайын сұрап үйіне барып едік. Тілеуін тілеп жатқан қаймана жұртқа ризашылығын білдіріп, сәлемін жолдаған-ды. Жазмыш қой! Бүгін, міне, арамыздан ұзап кете барды. Ұлт үшін, туып-өскен өңірі үшін қаншама құнды еңбек қалдырды. Көп қазына ішінде кетті. Сұрап та қала алмадық қой. Шежіре ғалымның Алла Тағала алдынан жарылқасын! Қарымды қаламгердің отбасына, жоқтап жатқан қалың елге қайғыра көңіл айтамын!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Өтепберген Әлімгерейұлы – 1949 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. 1972 ҚазҰПУ-ды бітірген. Еңбек жолын Маңғыстау облысында Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі боп бастаған ол 1973-1990 жылдары Атырау облысының "Атырау" газетінде жұмыс істеген. 1990 жылы Атырау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы болған. Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газет-журналдарда жарияланған. Алты әдеби-публицистикалық кітаптардың авторы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!