Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды
Фото: qalamger.kz

74 жасында жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұмабай Шаштайұлы - Алматы облысының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиаты, Жамбыл және "Алаш" атындағы Халықаралық сыйлықтардың иегері.

Ол "Коммунизм жолы", "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде, "Жалын" журналында еңбек етті. Халықаралық "Заман-Қазақстан" газетінің және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, сондай-ақ, Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының "Қызын қар", "Жала мен нала", "Жыр жолбарыс", "Біздің заманның Аяз биі", "Жаңғырық" атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қарымды қаламгер Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

 Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова