Жазира мен Жанболат Сәкен Майғазиевтің тойына пойызбен барды

Танымал жұп Жазира мен Жанболат Сәкен Майғазиевтің отбасындағы қуанышқа пойызбен барған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тойда отырып, аяқасты Алматымызға пойызбен қайтайық деп шештік. Қуанып келе жатырмыз. Студенттік кезімізге ностальгия. Біздің атымыздан 2 стоп болсын", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Таразға тойға барған жұлдызды жұп Алматыға келген бойда Сәкен Майғазиевтің қуанышына ортақтасып, тағы бір тойға барғандарын айтты. 

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қарапайымдылығы мен жарасымына сүйсініп жатыр.

"Қазақтың үлгі тұтар Отбасысыздар!", "АллаТағала сіздерге ұзақ ғұмыр берсін!", "Бақытты болыңыздар! Қандай керемет, жарасымды жұпсыздар!" деп пікір жазып жатыр олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!