Жазира мен Жанболат биыл концерт бермейтінін хабарлады

Жазира мен Жанболат биыл концерт бермейтінін хабарлады
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova/

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат биыл концерт бермейтіндерін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазира Байырбекованың айтуынша, отбасылық жұптан "қашан концерт бересіздер?" деп сұрайтындар көп екен. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында биыл, яғни 2024 жылы концерт беру жоспарда жоқ екенін айтты. 

"Концерт қашан бересіздер?" деген сұрақ өте көп екен. Алла қаласа, 2025 жыл - концерт жылы болады. Барлықтарыңызды күтеміз", - деп жазды Жазира Байырбекова желідегі парақшасында. 

Жалпы, Жазира мен Жанболат қазақ эстрадасын қазақылығымен қуантып жүрген жұлдызды жұп

Айта кетейік, Жанболат пен Жазира Алматы қаласында эстрада-цирк колледжінде оқып жүріп танысқан. Ол кезде Жазира Байырбекова небәрі 16 жаста болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева