Танымал қазақстандық әнші Жазира Байырбекова спирттік ішімдікті сатылымнан алып тастауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса көп проблема шешілер еді. "Agugai_ansambl" біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді. Сіз спирттік ішімдіктің сатылымнан алып тастағанын қолдайсыз ба?", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің пікіріне қолдау білдіріп жатқаны байқалады.
"Толықтай келісемін", "Сатуға да, ішімдік өнімдерін шығаруға да қарсымын. Мүлдем шығармаса екен. Соның кесірінен қаншама адам зардап шегіп жатыр", "Қазақстанда ішімдіктің қай түрі болса да сатылымнан алып тастау керек", - деп жазып жатыр Жазира Байырбекованың әлеуметтік желідегі оқырмандары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз