Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова тағы да ана атанғысы келетінін, бұл шешімге келуге Баян Мақсатқызының шабыт сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Даратайым 5 жасқа келіп қалды, Аллаға шүкір. "Ұлым үйленуге асықпайтын болса, тағы да бөпелі болсақ қалай болар?" екен деп ойладым. Баян талай келіншектің үмітін қайта оятқан сияқты, иә, қыздар?! Сәби бар үйдің аурасы басқаша ғой", - деп жазды ол.
Жазира Байырбекованың оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бір тобы бұл жаста бала туу ұят екенін жазса, екінші тобы жақсы тілек жазып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!