Түркістан облысында кішкентай қызды зорлаған адам туралы жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл мәселе Түркістан облысы білім басқармасының басты назарында.
"Қыздың анасы Отырар аудандық полиция бөліміне арызданған. Білім саласының өкілдері мен психолог мамандар тікелей жұмыс жүргізілуде. Оқиға жазға каникул кезінде болған. Тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр. Бүгін бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл оқушы мен ата-анасына психологиялық-құқықтық қолдау шараларын жүргізді. Аталған факт бойынша Отырар АПБ-мен аталған факт бойынша ҚК-тің 120-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осы күнге дейін тексеру амалдары жүргізілуде. Іс жеке азаматтардың мәселесі болғандықтан тергеу барысы мен қазіргі таңдағы процессті анықтау мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеймін", - дейді облыстық Білім басқармасынеың баспасөз хатшысы.
Ер адам жеке меншік балабақшада күзетші қызметінде болған. Оқиға анықталғаннан кейін акт түзеліп, жұмыстан шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлған едік.
Түркістан облыстық полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.
"Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр", - деп жазды ол.
Ер адам кінәсін мойындаған.
Кейін Отырарда балабақша күзетшісінен зорлық көрген қыздың анасы сұхбат берді.
Жәбірленуші қыздардың бірінің анасының айтуынша, 33 жастағы күдікті көрші тұрады әрі ағайыны болып келеді екен. Бұл туралы жергілікті тұрғын 17 қазан күні түскі уақытта хабардар болған. Қызын дереу дәрігерге көрсетіп, кейін полицияға шағым түсірген.
"Ауруханаға барып, тексерттім. Алдымен расымен сондай жағдай болды ма? Көз жеткізіп алайын дедім. Бәрі айдан анық көрініп тұр. Тек мен емес, бірнеше қызды зорлағаны анық… Менің қызым 7 жаста", - деді жәбірленуші қыздардың бірінің анасы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!