Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 1 желтоқсаннан бастап техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынады.
"Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы дөңгелек болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер жүргізушілерді көліктің жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, көлік жүргізушілері жазғы шиналарын ауыстырмаса, 1 желтоқсаннан кейін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!