Жазғы дөңгелекпен жүргені үшін қанша жүргізушіге айыппұл салынды?

1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық көлік жүргізушісі қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Жол ережесіне сәйкес қыста жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, ал бұл ережені бұзса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2024 жылы айыппұл көлемі - 18 460 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда желтоқсанның басынан бастап инспекторлар жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырмаған 53 жүргізушіні анықтады. Жүргізушілерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 978 380 теңге.

Астанада инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көп жағдайда ескертумен шектелген. Алайда полиция бұл уақытша шара екенін айтады. Болашақта мұндай жағдайда жүргізушілерге толық көлемде айыппұл салынады.

Қар көп жауатын Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай Алматыға ұқсас, мұнда 42 жүргізушіге айыппұл салынды, ал айыппұл сомасы 387 660 теңгеге жетті.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жазғы дөңгелекпен жүрген 26 жүргізуші жауапқа тартылғаны хабарланды. 

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш 3932 теңге болып өзгереді, бұл қазіргіден 240 теңгеге артық. Осыған байланысты айыппұлдар да 6,1 пайызға өседі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз