Жазғы демалыста пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады

Жазғы демалыс кезінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теміржол тасымалы

Ведомство мәліметінше, жазда қосымша 15 пойыз ұйымдастырылады. Қосымша пойыздар 16 маусымнан бастап қатынай бастайды. Олардың қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда және Павлодар қалаларынан Достық пен Балқаш секілді туристік және курорттық аймақтарға қатынайтын пойыздар бар.

Жолаушылар саны артуына байланысты пойыздар құрамы кезең-кезеңімен ұлғайтылады. Орта есеппен 19-21 вагонға дейін көбейеді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап Қарағанды - Балқаш бағыты бойынша №219/220 жолаушылар пойызы іске қосылады.

Әуе тасымалы

Маусым-тамыз аралығында Астана - Балқаш, Үржар, Үшарал және Алматы - Балқаш, Үржар, Үшарал бағыттары бойынша аптасына 7 рейске дейін қосымша әуе рейстері ашылады. Бұл бағыттар бойынша әуе билетінің құны 16 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болмақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!