Қазгидромет 25, 26, 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік және шығыс өңірлерге циклон, атмосфералық фронттар әсер етіп, ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы да мүмкін. 26-27 тамызда түнде елдің шығыс, оңтүстік-шығысындағы таулы жерлерде жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға ұласуы ықтимал.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Жаздың соңғы күндері негізінен жылы болады: солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 градусты, орталық, оңтүстік өңірлерде +25…+35 градусты көрсетеді, шығыста ауа температурасы +16…+24 градустан +20…+31 градусқа дейін жоғарылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова