Синоптиктер 29-31 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың айтуынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, қатты желмен жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының біртіндеп төмендейді.
"Республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы төмендеп, түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 градусқа дейін, күндіз 10-18 гардусқа дейін төмендейді. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мерзім басында жылы болады, кейін кезеңнің соңына қарай температура түнде 10-15, күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!