- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаздың басында ...
Жаздың басында кейбір өңірде 38-41 градус ыстық болады
Фото:
massagetkz
Қазақстанның басым бөлігінде жаз аптап ыстықпен басталады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Синоптиктер 31 мамыр-2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
"Қазақстанның оңтүстігінде жаз 30-35 градус, кей жерлерде 38-41 градусқа дейінгі температурамен басталады. Бұл климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары", − деді синоптиктер.
Мамандардың айтуынша, еліміздің басқа аумақғында Батыс Сібірден келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, жекелеген аудандарда бұршақ күтіледі. "Ауа температурасы әдеттегі осы мезгілге тән температурадан 1-3 градусқа төмен болады", − делінген хабарламада.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
С. Ерсін