- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жазда ыстық су...
"Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды". Президент Семейдің инфрақұрылымы нашар екенін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының инфрақұрылымын сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті.
Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық", - деді Тоқаев халықпен кездесуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина