Жазда белгілі бір өнімдер мен заттарды көлікте қалдыратын болсаңыз, ол жарылып, көлігіңіз өртеніп кетуі мүмкін екенін білесіз бе? Massaget.kz тілшісі тізімін жасады.
1. Оттық. Шақпақ қатты қызғанда жарылуы мүмкін;
2. Қалта зарядтағыш немесе смартфон. Құрылғылар қатты қызған кезде тізбекті реакция басталуы мүмкін, яғни литий металдандыру, онда батарея ісініп, тұтанады, тіпті жарылуы мүмкін. Зарядтағыштың оңтайлы сақтау температурасы - 25 градус жылы;
3. Бөтелкедегі су, әсіресе ыдыс әйнектен болса. Белгілі бір жағдайларда бөтелке лупаға айналуы мүмкін, ал лупадан қалай өрт шығуы мүмкін екенін белгілі.
4. Ең қауіпті нәрсе - чипстер салынған пакет. Күн сәулесінде пакет қызады және жарылады, әрине, ол жанбайды, бірақ көлікті тазалатуға тура келеді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Санның пайызын қалай шығарады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!