Жазда Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы жазда қосымша 11 пойызды іске қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында мына пойыздар қатынайды:

  • №253/254 Астана - Достық  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
  • №207/208 Алматы - Жалаңашкөл  (Тальго) пойызы белгіленген күндері қатынайды.
  • №211/212 Алматы - Достық  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
  • №221/222 Алматы - Достық пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
  • №457/458 Семей - Достық пойызы күнара қатынайды.
  • №459/460 Өскемен - Достық пойызы күнара қатынайды.
  • Алматы - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • Қызылорда - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • Павлодар - Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  • №201/202 Астана - Алматы пойызы күн сайын жүреді.
  • №203/204 Астана - Шымкент пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздар 270 000-нан аса жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!