Синоптиктердің болжамынша, маусымда ауа температурасы республиканың басым бөлігінде әдеттегіден 1-2 градусқа жоғары, яғни республиканың батыс бөлігінде ыстық болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шілде және тамыз айларында Қазақстанда ауаның орташа температурасы қалыпты болады деп күтілуде. Тек тамызда ғана – республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 1 градусқа жоғары болады.
"Жаздың алғашқы айы маусымда, алдын ала болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері аз болады деп болжанып отыр. Шілдеде республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында әдеттегіден жоғары болады, ал тамызда еліміздің орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қалыпты мөлшерден төмен болады деп болжанып отыр", - деді синоптиктер.
Бұған дейін метеорологтар 2024 жылдың маусым айында Қазақстанда ылғалдылық мөлшері әдеттегіден көп болатынын болжаған еді.
Елімізде Қостанай облысында Амангелді және Жангелді ауданында, Маңғыстау облысындағы Маңғыстау және Қарақиян ауданы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Казталов ауданы, Қарағанды облысында Шет ауданында атмосфералық құрғақшылық күтіледі деп болжануда.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!