Биолог Элизабет Ли үйде жасалған тұздалған көкөністі қанша уақыт сақтауға болатынын, ол несімен қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Консервілерді мәңгі сақтауға болатындай көрінеді. Шынына келгенде, әр нәрсенің жарамдылық мерзімі бар. Сонымен қатар, үйде жасалған тұздалған көкөністердің де мерзімі аяқталуы мүмкін.
"Егер үйде дайындалған тұздалған өнім ескі болса, оны үстелге қою керек пе, жоқ па, соны мұқият ойлану керек. Орташа алғанда, үйде маринадталған қиярдың ашылмаған құтыларының сақтау мерзімі - екі жыл. Ал қырыққабатты ұзақ уақыт сақтауға болады, яғни тағам қышқыл тартып кеткенше. Алайда кейбір жағдайлар бар", - дейді ол.
Сонымен қатар, маман қайда сақталғаны да маңызды екенін айтты.
"Үйдегі консерві төмен температурада жертөледе немесе тоңазытқышта жақсы әрі ұзақ сақталады", - дейді сарапшы.
Тұздалған немесе маринадталған саңырауқұлақтарды бір жылдан артық сақтамау қажет екен. Элизабет Ли оларды жасалғаннан кейінгі бірінші жылы жеуге кеңес береді.
"Алғашқы алты айда сүйектері бар компоттар немесе тосапты да тұтынып тастау керек. Егер мұндай тосап ұзақ сақталса, тұқымнан бөлінген амигдалин улы гидроциан қышқылына айналуы мүмкін", - дейді биолог.
Егер өнімдер бұзылған күйінде сақталса, олар жарамдылық мерзімінен бұрын жеуге жарамсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мына белгілерге назар аудару керек: иісі, құтының қақпағы, тұзды ерітіндінің консистенциясы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз