Бәрінің түрлі мемлекетке, Қазақстанның әр өңіріне демалып келетін, еңбек демалысын алатын мезгілі - жаз да бітіп жатыр. Бірақ Конституция күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалады. "Жаз тез өтті" дейтіндер осы демалыс күндерінде қыдырып үлгереді. Massaget.kz жазды дұрыс сезіне алмағандарға арнап, демалатын орындар тізімін ұсынды.
Концерт сағынғандарға
№1 EVERGLOW (에버글로우) - 2019 жылы Yue Hua Entertainment компаниясында дебют жасаған және бірден бүкіл әлем бойынша үлкен фанбаза жинаған топ. Олар 27 тамызда сағат 20:00-де Алматыдағы Almaty Arenа-да өнер көрсетеді. Кештің арнайы қонағы - Ninety One. Билет 7000 теңгеден басталады.
№2 Рахат-Би Абдысағиннің "Призраки Бессмертия" атты концерті 28 тамызда сағат 18:00-де өтеді. Мекенжайы - Қалдаяқов, 35. Билет құны 3000 теңгеден басталады.
№3 Closer Music Festival 30 тамызда өтеді. Онда Qonyrqtbay Fam, Orynkhan, Ali, ZAQ, DJ Arsen superfly және DJ Kokonja өнер көрсетеді. Билет құны 20 000 - 23 000 теңге аралығында болады..
№4 Never Ending Summer 28 тамызда өтеді. Онда Dudeontheguitar, Jeltoksan, Arnay және Bobikuz DJ ән айтады, ал кіру тегін.
№5 "2022 жылы сүйікті қаладағы жаздың музыкасы" кеші Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры алдында тегін өтеді. Мұнда классикалық әуендер орындалады.
Ауылды сағынғандарға
№1 Шымбұлақта атпен серуен, мекенжайы - Керей-Жәнібек хандар, 640/3. Күн сайын 10:00–17:30 аралығында жұмыс істейді, ал 1 сағат серуен құны 10 мың теңгеден басталады.
№2 NOMAD мектебі, мекенжайы - Абай даңғылы, 50/1, күн сайын 9:00-19:00 аралығында ашық болады. Мұнда 50 минут - 7000 теңге.
№3 Oi-Qaragai орталығының мекенжайы - Талғар ауданы. Ол дүйсенбі мен жексенбіде 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, ал 30 минут атпен серуен құны - 7900 теңге;
№4 "Арғымақ" орталығы дүйсенбі мен жексенбіде 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, мұнда 30 минут серуен құны - 5000 теңге;
№5 Horseexplorersalmaty орталығы күн сайын 09:00-20:00 аралығында ашық болады, серуен құны - 7000 теңге;
№6 Almaty Hills ат клубы сейсенбі мен жексенбіде сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді, атпен серуен құны - 7000 теңге.
Тауды сағынғандарға
№1 Menin House Көктөбе аумағында орналасқан. Мұнда жұмыс күндері демалу - 30 000 теңге, демалыс күндері - 35 000 теңге.
№2 Keremet Glamping Ұзынағашта орналасқан, 2 адамға демалу құны - 60 000 теңге, 5 адамға - 80 000 теңге.
№3 Aua Glamping Талғар ауданында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 60 000 теңге, демалыста - 70 000 теңге.
№4 Talgar glamping Талғар ауданында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 30 000 теңге, демалыста - 40 000 теңге.
№5 ГОРА Бесқайнар ауылында орналасқан, жұмыс күндері демалу - 40 000 теңге, демалыс пен мереке күндерінде - 50 000 теңге.
№6 Тау-Тас Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орналасқан, демалыс күні 38 мың теңге, жұмыс күні 28 мың теңге.
Қазір кез келген тур орталықтар арқылы мына бағыттарда саяхаттауға болады: Көлсай, Қайыңды, Шарын, Бартоғай, Ассы, Алакөл, Түрген, Үлкен Алматы көлі, Көкжайлау.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!