Қостанай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаз - шомылу маусымы. Сондықтан бұл мезгілде оқыс оқиғалар да жиілейді. Құтқарушылар маңызды ескертулер жасады:
- шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
- қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
- алкогольдік ішімдік ішкен күйінде суға түспеңіз;
- су көліктеріне жақын жүзбеңіз.
"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды! Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!" - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова