Ақмола облысының полицейлері қарасора плантациясын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Шу ауданындағы жеке үйдің ауласынан қарасора плантациясын анықтады. Ер адам жаз бойы күтіп, баптаған өсімдіктердің орташа биіктігі 2-3 метрге жеткен.
Нәтижесінде, полицейлер жалпы салмағы 235 келі 490-нан астам бұтаны жойды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз