“Жаз бойы күтіп, баптаған“. Ақмола облысында қарасора плантациясы табылды

“Жаз бойы күтіп, баптаған“. Ақмола облысында қарасора плантациясы табылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері қарасора плантациясын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Шу ауданындағы жеке үйдің ауласынан қарасора плантациясын анықтады. Ер адам жаз бойы күтіп, баптаған өсімдіктердің орташа биіктігі 2-3 метрге жеткен.

Нәтижесінде, полицейлер жалпы салмағы 235 келі 490-нан астам бұтаны жойды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина