- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Досаев туралы
“Жаз бойы әдейі қарадым“. Досаев қаладағы арық мәселесі туралы
Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-дағы брифинг барысында қаладағы арық жүйелеріне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, қалада арыққа қатысты мәселе жоқ.
"Қаланың бір жерін су басса, дереу көтеретін едіңіздер. Мен жаз бойы әдейі қарадым, ондай мәселе көтерілмеді. Арықтарға қатысты 2022 жылдың аяғында 142 арық табылған еді. Өткен 2 жыл ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп бітті. Жаңа арыз түссе, шешеміз, қаражат бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін арыққа қоқыс тастағандарға айыппұл салынатыны хабарланды.
Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы арық желісінің ұзындығы - 1525 шақырым, оның ішінде көше - 1220 шақырым, аула - 245 шақырым, саябақ - 60 шақырым.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек