Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш Жайық өзенінің деңгейі 7-8 сантиметрге түскенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соңғы тәулікте су деңгейі тағы да 7-8 см дейін түсті, қазіргі кезде - 8 м 13 сантиметр. Қауіпті деңгейі 8 метр 50 сантиметр болған. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Облыс бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды, оның 5813-і бала. 12 эвакопункте 2329 адам қалып отыр, оның 1 011 бала. Қалғаны туған- туыстарында орналасқан. 4359 адам үйлеріне оралды", - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.
Ол су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 шақырым екенін айтты. Төлеуіштің сөзінше, облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді.
Бұған дейін Құлсарыда 300-ден аса үй әлі де су астында екенін жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!