Жайық өзенінің түбі тереңдетіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр 2,5 шақырымы ені 20 метрге, тереңдегі 1,5 метрге дейін қазылды, деп хабарлайды облыстық жедел штаб.
Қазір түп тереңдету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жайық өзенінен бөлініп шығатын Зарослый, Приморский каналдары мен үшінші және алтыншы өзек тереңдетілген. Өзен суы кедергісіз теңізге ағып жатыр. Тереңдету жұмыстары әлі де жалғасады.
- Қазір теңіздің тамағында тасқын сумен келген томарлар жиналып қалған. Айта кететін бір жайт бар, теңізден соққан жел басылғаннан кейін теңіз суы қайтады да аралдар пайда болады. Келген томарлар сол аралдарда қалып қойды. Дегенмен қоқыс тазаланады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бисен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!