Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері былай дейді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі - 604 см, деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см, тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 404 см.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 cу жіберілмек - делінген хабарламада.
Осыған дейін су тасқынынан пәтерлерінен айырылған петропавлдықтық жаңа үйлеерін таңдай алатынын жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!