Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады

Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады
Фото: Көрнекі сурет: ТЖМ

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеге жақындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты облыстық ТЖД 2 бірлік техникасы мен 33 жеке құрамы Сарайшық ауылында бөгеттерді нығайту жұмыстарына кірісті. Тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Атыраудағы су деңгейі көтерілуінің ең жоғары көрсеткіші апта соңында болады деп болжанған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина