Жайық өзенінен өтіп бара жатқан екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті

Жайық өзенінен өтіп бара жатқан екі жасөспірім мұз астына түсіп кетті
Фото: pixabay.com

2007 жылы туған екі жасөспірім Жайық өзенінен өтіп бара жатқанда мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға кеше, 7 наурызда Атыраудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында болған.

Құтқарушылар жасөспірімдерді судан шығарылып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Оқиға орнына үш құтқарушы мен бір бірлік техника жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан