Жайық өзені арнасынан асып, жеңіл автокөлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін.
Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады.
Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен, Махамбеттің тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!