Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жұмсақ әрі «қалқымалы» кәріз люктері орнатылуда. Қазіргі уақытта осындай 943 люк қойылды.
Жұмсақ люктердің жобасы аудандық әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің (545) күшімен жолдарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ Алматы қалалық мобильділік басқармасының магистральдық көшелерді орташа жөндеуі (398) аясында іске асырылды.
Дизайн кәріз желісінің айналасындағы асфальт жабындарын сақтауға және автокөлік жүргізушілерінің жайлы қозғалуына арналған.
Бұл люктерді қалалық мобилділік басқармасы 2022 жылы Достық, Назарбаев, Абай даңғылдары мен Қабанбай батыр көшелерінде тәжірибе ретінде орнатылды. Жол жөндеушілердің бақылауына сәйкес жұмсақ люктер көлік құралдарының қолданыстағы жүктемелеріне оң әсер етіп, өздерінің беріктігін сақтайтындығын көрсетті. Жол жабынының пайдалану сапасын жақсарту үшін мұндай люктер көлік қозғалысы көп көшелерде (Райымбек, Төле би, Шаляпин, Дулати, Навои, Қалдаяқов, Шевченко, Құрманғазы, Қабанбай батыр, Майлин, Бекмаханов, Сүйінбай және т.б.) пайдаланылды.
Жалпы, Алматының жолдары мен тротуарларында су арнасы, жылу, газ және телефон желілері сияқты түрлі кәсіпорындарға тиесілі 40 мыңнан астам кәріз люктері орнатылды. Дегенмен, кәріз люктері жиі ұрланады. Осы жылдың басынан бері 500-ге жуық люк ұрланған. Сондықтан әрбір қалалық кәсіпорын өз қызметіндегі барлық люктерді қадағалайды, өйткені ашық немесе зақымдалған люктер тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін.
Еске салсақ, 2023 жылғы 22 маусымда ОКҚ брифингінде мегаполис басшысы қаланың 6 шағын ауданында 25 км жаңа жол салу және полимерлік қоспаларды пайдалана отырып 200 км орташа жөндеу жүргізу жоспарлары туралы хабарлаған еді. Осы жұмыстар аясында механикалық және температуралық жүктемелерге төтеп бере алатын 8 мың «қалқымалы» люктер орнатылады. Жаңа технологияларды пайдалану жолдарды орташа жөндеуді жүргізу мерзімін 5 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жұмсақ люк кәріз желілерінің тірек сақиналарына бекітілмейді, бұл қонструкция жүктемесін 50%-ға төмендетеді және темірбетон элементтері жүктемелерін тұрақтандырады. Сонымен қатар, температура өзгерген кезде люктің астындағы жол төсемі бұрынғы қалпын сақтайды. Қалқымалы корпусы бар люктер асфальтпен бірге қозғалады. Бұл желінің, жалпы люктің де қызмет ету мерзімін едәуір арттырады.
Анықтама: қазіргі уақытта қалада ұзындығы 3 097 км 2746 көше бар, оның ішінде 69 магистральды көше, ұзындығы 130 км. қазіргі уақытта қаланың көше-жол желісінде шамамен 40 119 бірлік және 21 000 бірлік жаңбыр қабылдағыш бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!