Танымал әнші Қарақат Әбілдина жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, артық салмақтан қалай арылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жариялады.
"Маған жиі қойылатын сұрақтар: "Сіз осы тез толып, тез арықтайсыз, иә? Жайқалып кеткен едіңіз, жиналып алыпсыз. Қалай ол?" - деп жатады. Және: "Өмірде жас екенсіз ғой, біз сізді үлкен кісі деп ойлап жүрсек", - дегенді өте жиі естимін. Экранда басқа, өмірде басқашасыз дейді. Әрине, приятно. Бірақ өзгеге оп-оңай көрінгенмен, қосқан артық салмақты оп-оңай бере салмаймын", - дейді Қарақат Әбілдина.
Өнер иесі артық салмақтан арылу оңайға соқпайтынын айтты.
"Ой, ол деген қып-қызыл еңбек, күш, уақыт. Тамақтан тартынып, массажы бар, бәрін қосамын. Сыртқа көп көрсете бермегенмен, жылдап жиналған байлық оп-оңай шыға салсын ба?! Біреудің өмірі, көңілі, бары, байлығы, жеңісі, жетістігі жеп-жеңіл, оп-оңай көрінсе керек. Шын мәнінде, сыртында қаншама еңбек, қажыр-қайрат, күш пен ерік-жігер жатыр. Біле бермейміз ғой. Бұрын да құрбыларым "баладан соң қалай тез жиналасың?" - деп көрген сайын таңғалып жататын. Кейінгісінде айтпады бірақ. Мен де өзімді Айзониде бос жібере салсам керек, алаңсыз", - деп жазған әнші парақшасында.
"Алты баладан соң қиын ғой қалыпқа келу", "Мен де экраннан үлкендеу деп ойлайтынмын, шынайы көргенде сұлулығына тамсандым, қараса көз тоярлық, үлбіреп тұр", "Өте жас көрінеді", - дейді әншінің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!