Жаяу жүргінші қаза тапқан: Атырауда жүргізуші адамды қағып, қашып кеткен

Жаяу жүргінші қаза тапқан: Атырауда жүргізуші адамды қағып, қашып кеткен

Атырауда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі 52а үй тұсында 48 жастағы ер адамды маркасы және мемлекеттік белгісі белгісіз көлік құралы қағып құлатып, ішкі істер органдарына хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалған. Алған дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапқан.

Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлік құралын анықтады. 34 жастағы жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина