- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жай ғана темір...
"Жай ғана темір ғой". Нұржан Қалжан "Қазақстанның құрметті азаматы" атағын алған кездегі сезімімен бөлісті
Әнші Нұржан Қалжан "Қазақстанның құрметті азаматы" атанды. Әнші "Assyltas TV" каналына берген сұхбатында атақты алған кездегі сезімімен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Негізінде мұндай атақ аламын деген ой болған жоқ. Алдында да Алматы қаласында ал деген ұсыныстар болған. Бірақ ол кезде алған жоқпын. Ол маған не керек? Оны қайтемін? Атақтың керегі жоқ. Бірінші өзіміздің абырой-атағымызды елге одан сайын дәріптеп, еңбегіміз кәдімгідей үлкен дәрежеде сіңіп, одан кейін алсақ та жетеді деп ойлап жүргенмін. Осы уақытқа дейін ештеңе алмағанмын. Бірінші рет алып тұрмын.
Сол жақта үлкен кісілер бар. Мысалы, Майра Ильясова деген апайымыз бар. Сол кісі ұсынды. Биыл 40 жасқа толып, той жасағанмын. "40 жасқа толдың, сен осылай жүре бересің ба, алуың керек қой" деген болатын. "Жарайды, бір уақыты келгенде алармыз" деп қойғанмын. Сөйтсем, ол сол кісінің есінде қалған, ол Астанада мені ұсынған. Сөйтіп, мені шақырды, бас тартуға жол болмады. Баруға тура келді. Сонымен бардым.
Бірақ дегенмен де барып алғаннан кейінгі сәт шынымды айтайын ұнады. Көңіл күйің көтеріледі екен, сәл болса да шабыт береді екен. Дәл осы қалыпта жұмыс жасасақ, бұдан да үлкен дәрежеге жетуге болады екен. Адамға сенімділік, алға ұмтылуға жігер, қайрат сыйлайды екен деген сезіммен қайттым. Сол жағы ұнады, әйтпесе, жай ғана темір ғой", - деді Нұржан Қалжан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова