Әлеуметтік желіде ер адам белгісіз ақ ұнтақ қолданғаны айтылатын видео тарады. Полиция күдіктігінің ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тағы да Талдықорған қаласы. Болжам бойынша, жергілікті ықпалды кәсіпкердің бірінің ұлы кәмелетке толмаған қызбен демалып, белгісіз ақ ұнтақты пайдаланады", - делінген жазбада.
Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы жігіт Талдықорғанның 25 жастағы тұрғыны екені анықталған. Ол жауап беру үшін полицияға жеткізілген.
Видео 2017 жылғы жазда Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде түсірілген. Түсірілім кезінде ол есірткі қолданбағанын айтып, видео қойылым екенін түсіндірген.
Бұл істі әрі қарай тексеру мәселесін прокуратура қарастырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!