21-30 қараша күндері Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында ұйымдастырылуға тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылғы 15 тамызы күні Азия Олимпиада кеңесінің атқарушы комитеті шұғыл отырыс өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымы жоқ екенін және өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, аталған ойындар COVID-19 инфекциясына және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген еді.
АОК Атқарушы комитетінің шешімі бойынша, келесі Ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!