- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жауынгерлердің жаны мен...
"Жауынгерлердің жаны мен тәнін емдеген". Қонаевта 103 жастағы соғыс ардагері тұрады
Қонаев қаласында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Оксана Бетебаева тұрады. Биыл кейуана 103 жасқа келді. Жеңіс күніне орай соғыс ардагерін әскерилерилер үйіне құттап барды. Жылдағы дәстүрге сай жылы тілектерін айтып, сый-құрмет көрсетті.
Оксана Бетебаева 1920 жылы Украинада туған. 21 жасында майданға алынып, Ресейдің Иванов облысы, Шуя қаласындағы әскери госпитальде медбикелік қызмет атқарған. Майданда жарақат алған жауынгерлерді, бейбіт тұрғындарды емдеген. Соғыстан кейін қазақ азаматымен тағдыр қосқан. 1958 жылы Жаркентке көшіп келіп, кейін жұмыс бабымен Қапшағайға ауысқан. Ардагер Оксана Бетебаева зейнет жасына шыққанша мектепте медициналық зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ол Қонаевтағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері.
"Бұл кісі соғыста нағыз ерлік көрсетті. Отанды, жерді қорғады. Госпитальде жауынгерлердің жарасын таңды, адамгершілік қасиетімен, жылы сөзімен емдеді. Біз Оксана Демидовнаны мақтан етіп, үлгі тұтатымыз", - деді әскери полиция майоры Бақытжан Әбілдаев.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1 200 000 адам қатысып, тең жартысы майданда шейіт болды.
Саламат Сабыр
Т. Раушанұлы