"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9 наурызда бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және жауын-шашын жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысында тұман, түнде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ болады.
Қостанай облысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болып, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады және тұман түседі.
Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз