- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жауын-шашын, найзағай: 18...
Жауын-шашын, найзағай: 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері Қазақстанның 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.
Қарағанды облысының күндіз шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жая бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстын батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте 03 наурызда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға, күндіз 3-8 градус жылыға дейін көтеріледі.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), жолдарда көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылыға, күндіз 3-8 градус жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 23-28 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақытта 30 м/с және одан аса күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан