"Қазгидромет" 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде күн сәл жылынады, елдің батысында және солтүстігінің кей аумағында жауын-шашын болып, елордада қар аралас жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қолайсыз ауа райы туралы ескерту
20 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту де жарияланды. Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады, кей өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйене отырып, қолайсыз ауа райы күтілетін өңірлерді атады.
🌫️ Тұман. Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай және Павлодар қалаларында, сондай-ақ облыстардың жекелеген аудандарында тұман күтіледі.
🌨️ Жауын-шашын және көктайғақ. Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы болжанып отыр.
💨 Қатты жел. Шымкент, Тараз, Ақтау қалаларында, Абай, Жетісу және басқа да өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ал Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Қалалар бойынша ауа райы болжамы
Астана 🌨️
ТҮНДЕ -2…-4°C
КҮНДІЗ +3…+5°C
Көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Алматы ⛅
ТҮНДЕ +4…+6°C
КҮНДІЗ +13…+15°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкент ⛅
ТҮНДЕ +9…+11°C
КҮНДІЗ +18…+20°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Ақтау ⛅
ТҮНДЕ +8…+10°C
КҮНДІЗ +13…+15°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе 🌧️
ТҮНДЕ -1…-3°C
КҮНДІЗ +4…+6°C
Бұлтты, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Атырау 🌧️
ТҮНДЕ +4…+6°C
КҮНДІЗ +8…+10°C
Бұлтты, жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Жезқазған ⛅
ТҮНДЕ 0…-2°C
КҮНДІЗ +6…+8°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Көкшетау ⛅
ТҮНДЕ -8…-10°C
КҮНДІЗ 0…-2°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Қарағанды ⛅
ТҮНДЕ -1…-3°C
КҮНДІЗ +3…+5°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Қонаев ⛅
ТҮНДЕ +2…+4°C
КҮНДІЗ +12…+14°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Қостанай ⛅
ТҮНДЕ -6…-8°C
КҮНДІЗ 0…+2°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Қызылорда ⛅
ТҮНДЕ +1…+3°C
КҮНДІЗ +13…+15°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Орал ⛅
ТҮНДЕ 0…+2°C
КҮНДІЗ +5…+7°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с.
Өскемен ⛅
ТҮНДЕ -4…-6°C
КҮНДІЗ +5…+7°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Павлодар ⛅
ТҮНДЕ -7…-9°C
КҮНДІЗ 0…+2°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Петропавл ⛅
ТҮНДЕ -6…-8°C
КҮНДІЗ 0…+2°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Семей ⛅
ТҮНДЕ -3…-5°C
КҮНДІЗ +5…+7°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 4-9 м/с.
Талдықорған ⛅
ТҮНДЕ -1…+1°C
КҮНДІЗ +12…+14°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 1-6 м/с.
Тараз ⛅
ТҮНДЕ +7…+9°C
КҮНДІЗ +19…+21°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан ⛅
ТҮНДЕ +7…+9°C
КҮНДІЗ +16…+18°C
Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.