- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жауын, қар". Алдағы...
"Жауын, қар". Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда 4, 5 және 6 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, елдің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары қайтадан арктикалық салқынды сезеді. Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен кезектесуі Қазақстан аумағында жауын-шашынды және ауыспалы ауа райына алып келеді.
"Баренц теңізінен суық ауа массаларының кіруі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі, түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында термометрлер теріс мәндерге түседі, жауын-шашын күтіледі; қарға айналып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жауын-шашын болжамына қарамастан, көктемгідей жылы ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина