- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жауапсыз адамдардың жетегіне...
"Жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер". Тоқаев алматылықтарға үндеу жасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы жиындағы сөзін қорытындылай келе, Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген. Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда", - деді Президент.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа ескерту жасаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек