- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Жауапкершілік жоқ“. Бектенов...
“Жауапкершілік жоқ“. Бектенов Саран әкіміне қатаң ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Тиісті бақылау жоқ" - Бектенов
Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Үкімет басшысы бәрін бүгін аяқтауды тапсырды.
"Бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы", - деді Олжас Бектенов.
Қандай шара қолданылады?
Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен қазір тексеріс жүріп жатқаны белгілі болды.
"Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады", - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін тексереді.
"Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыс құрамы болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп ескертті Бектенов.
Бұған дейін қандай жағдай болды?
Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды. Кейін қала әкімі Еркін Баулықов тұрғындардан кешірім сұрап, жақын арада пәтерлерге жылу берілетініне уәде берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова