Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті өкілі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
12 мамырда сағат 22.28-де Ертіс Полиция бөліміне көшу барысында жоғалған материалдық заттарын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен қала тұрғыны жүгінген.
Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркелген. Ал тексеру барысында өтініш берушінің үйінде 59 жастағы әйел жұмыс істегені анықталды. Ол 12 мамырда сағат 22.38-де түсіндірме беру үшін Ертіс ПБ-ға кезекшісіне тергеуге шақырылды.
"Ол сағат 23:38-де келіп, жедел-тергеу тобын күтті. Сағат 00:26-да әйел кезекшіге жағдайы нашарлағанын айтты, содан кейін жедел жәрдем шақырылды, мұны бейнебақылау камераларына түсірілген бейнежазба растайды", - делінген хабарламада.
Қазір әйел гипертония диагнозымен медициналық мекемеде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!