Арнайы жаттығулар көмегімен кеудені үлкейту мүмкін емес. Бұл жайлы жаттықтырушы Анастасия Юркова Газета.Ru-ге айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаттықтырушы Анастасия Юркова сүт бездері бұлшықет емес екенін және оны жаттығулар көмегімен үлкейту мүмкін емес екенін айтты.
"Кеуде бұлшықеттері мен сүт бездері (кеуденің өзі) дененің бір бөлігінде орналасқан, бірақ олардың бір-бірімен еш байланысы жоқ. Кеуде бұлшықеті сүт безінің астында орналасқан және оның қызметі - иықты көлденең жазықтыққа келтіру, яғни қолдың қозғалысы. Ал сүт бездері осы бұлшықеттің үстінде орналасқан және ешқандай қозғалыс жасамайды, өйткені бұл бұлшықет емес. Сүт безі дәнекер және май тінінен тұрады. Сондықтан әйел салмағын тастаған кезде кеудесі де кішірейеді", - дейді ол.
Анастасия Юркова осыған ұқсас жағдай ішпен де болатынын айтты.
"Жақсы дамыған бұлшықетте майлы буылтық болады. Ішке қанша жаттығу жасасаңыз да, майлы масса (салмақ) тастамайынша, бұл буылтық ешқайда кетпейді", - дейді жаттықтырушы.
Еске салайық, бұған дейін "super.mamasita" лақап атымен танымал блогер Әлия Байтугаева кеудесіндегі импланттарды алуға арналған ота жасатып жатқанын жазған болатынбыз.