Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастар мәселесі бойынша Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенатордың айтуынша, технология алға озған сайын жас ұрпақ руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтан алыстап жатыр.
"Себебі біз олар тұтынатын контентті төл руханиятымызға сабақтай алмай отырмыз. Жапонның түрколог ғалымы Наката Иоконың "біздегі ең үлкен миф ол жапон императоры Құдайдан туды деген аңыз. Біз оған тиіспейміз, өйткені ол біздің рухани матритцамыз. Жапония осындай киелі құндылықтардан бастау алады" деген сөзі бар. Біздің қоғамға жетпей жатқаны осы деп ойлаймын", - деді сенатор.
Ол бала бойына мұндай құндылықтарды сіңіру керек екенін атап өтті.
"Бұл құндылықтарды бала ерте бастан қондыра білсек, олар ешқандай жат ағымға еліктемейтін дінгегі мықты рухы асқақ тұлға болып қалыптасары анық. Отбасы инстиутының қағидаты берік кезде осы құндылықтарды біз ата-әжемізден жанымызға тоқып өстік", - деді сенатор.
Сондай-ақ ол бүгінгі жас ата-аналар мұндай құндылықтарды игере алмай отырғанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!