“Жасыратын түгі болмаса, бетті жауып не керек?“ - министр жаңа тыйым туралы

“Жасыратын түгі болмаса, бетті жауып не керек?“ - министр жаңа тыйым туралы
Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ержан Сәденовтың айтуынша, ІІМ бұл бастаманы қолдайды.

"Бұл – депутаттардың бастамасы. Біз қолдаймыз. Өйткені бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын түгі болмаса, бетті жауып не керек?" – деген сауал қойды министр.

Сондай-ақ, министр бұл мәселе бірнеше рет комитет отырыстарында вице-министрлер мен ІІМ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен талқыланғанын айтты.

Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget