ІІМ қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Жол жүрісі қағидаларында жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын "Ашық НҚА" порталында жарияланған Жол жүрісі қағидаларынің 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланды.
"Ұсынылған түзетуге сәйкес, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтау үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды. Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды", - деп айтылды ІІМ-де.
Ішкі істер министрлігі бұған дейін жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін шектейтін жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!