- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жасыл пакетке ораған:...
Жасыл пакетке ораған: Өзбекстан азаматы көлігінен табылған есірткіні жұтып қойған
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Lada Largus" маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.
Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина