• 501.83
  • 490.7
  • 5.31

“Жасы 30-35 аралығында“. Алматы облысында бірнеше рет мал ұрлаған топ ұсталды

“Жасы 30-35 аралығында“. Алматы облысында бірнеше рет мал ұрлаған топ ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында Жамбыл ауданының полицейлері бірнеше рет мал ұрлады деген күдікке ілінген төрт адамнан тұратын топты ұстады. Олардың жасы 30-35 аралығында, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Бірінші жағдайда күдіктілердің жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап әкеткен, шығын - 9 миллион теңге. Екінші жағдайда шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған бес бас мал ұрланды.  

Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.    

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес